Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірге инвестиция тарту

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Биыл 5 млн. гектар жуық алқапқа астық, майлы дақыл тұқымдарын ектік. Оған қатар мал өсіреміз. Сондықтан сіздерге экологиялық таза бидай, жылқы, сиыр, қой етін жеткізіп беруге әзірміз.

Кездесуде аймақ басшысы Ерік Сұлтанов өңірге инвестиция құйып, балық өңдейтін зауыт салуды ұсынды. Жергілікті билік қолдаса қытайлықтар ұсынысты қарастыруға әзірміз деп отыр. Сонымен қатар бізден ірі қара, қой, жылқы еті мен балық өнімдерін сатып алғылары келетінін айтты.

Чен Хонг, Қытай Халық Республикасы Боро-Тала-Маңғол автономдық облысы әкімшісінің орынбасары.

-Солтүстік Қазақстан өңірі өте шұрайлы мекен. Біз сіздерде экологиялық таза өнімдер шығарылатынын білеміз. Алда мал және балық шаруашылығы саласына қаржы құюға әзірміз.

Екі тарап пікір алмасқан соң өзара түсіністік және әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды.

 

Берик Касен.