МТРА жаңалықтары

Облыстық “Қауіпсіз дөңгелек” жарысы өз мәресіне жетті

Әбілсейт Жолаушин – СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы.

-Бүгін балалар өз білімдерін көрсетті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, кубоктармен марапатталды. Сайыс 10 номинация бойынша өтті. Бірінші орынды иеленген Қызылжар ауданының жас инспекторлары Қостанайда өтетін мемлекетаралық слетқа қатысады.

Екінші орынға петропавлдықтар жайғасса, үздіктер үштігін Есіл ауданының оқушылары тұйықтады. Ал Ғабит Мүсірепов ауданының қатысушылары жолда жүру ережелерінің білгерлері болып шықты.

Қайсар Нұрғалиев – Қызылжар ауданы командасының капитаны.

-Біз бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін түсіндіреміз. Оларға көмектесеміз. Бұл біздің басты мақсатымыз.

Қызылжар ауданының қатысушысы Салтанат Әбілтаева жас қозғалыс реттеушісі номинациясының жеңімпазы болып марапатталды. Ал Тайыншалық Анастасия Бориславская жас санитар атанды.

 

 

Айгерим Ержанова.