Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғау

МТРА жаңалықтары

13:42 25 Маусым 2015

Раушан Қожахметова, СҚО прокурордың аға көмекшісі.

-Заңбұзушылықтардың біразы балалардың психикалық-неврологиялық үй-интернатында табылды. Аталмыш мекеме 5 баланы интернатқа қабылдағанан кейін қамқорлыққа беру органына атқару қағазын жолдамаған. Сондай-ақ, интернаттың әкімшілігі 5 млн. 500 мың теңгеден астам қаражатты қамқорлыққа беру органының рұқсатынсыз іске жаратқан. 46 тәрбиеленушіге тиесілі ақшаға санитарлық-гигиеналық заттар сатып алған.

Қамқорлыққа беру органдарында болса, әлі күнге дейін білікті мамандар тапшы. Жыл сайын аталған мекемеден 8 адам жұмыстан кетеді. Салдарынан жетім балаларға қатысты құжаттар мен істер жоғалып жатады. Кеңес мүшелері осы мәселеге байланысты мамандарға ынталандыру тетіктерін қолданып, жалақыларын өсіруге кеңес берді. Сондай-ақ, отырыста интернатта жұмыс істейтін қызметкерлердің этикасы сөз болды.

Александр Верстаков, адам құқығын қорғау бойынша қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы.

-Мектеп-интернаттарда педагогикалық этикаға дұрыс сақталмайды. Интернат қызметшілері балаға дөрекілік танытады. Сондай-ақ, баланы қамқорлыққа алатын жанұялар оларға қажетті деңгейде көңіл бөлмейтін болып шықты. Заң бойынша әрбір жеткіншек деңгейіне сай білім алып, материалдық тұрғыдан толық қамтылуы тиіс. Міне, осы талаптарды қазіргі таңда асырап алушылар орындамай жатыр.

Бір қуантарлығы, соңғы жылдары жетім балалардың саны азаюда. Мысалы, былтыр 577 балғын болса, биыл олардың саны 435-ке төмендеген. Сондай-ақ, жиында жетімдерді баспанамен қамту жайы қозғалды. Жыл сайын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тапсырылатын баспаналардың 20 пайызы осы санаттағыларға тиесілі екен. Былтыр өңірде 70, биыл 22 жетім жеке баспанасына қол жеткізіпті. Дей тұрғанмен, аудандарда жетім балалардың кезегі жылжымай тұр. Оған елді-мекендерде үйлердің салынбауы себеп.

Берик Касен.

Бұдан әрі оқыңыз

Қазақстан мен Ресейдің 16-шы өңіраралық ынтымақтастық форумы
Өңірде ресми түрде тіркелген 17 қатты тұрмыстық қоқыс полигоны бар
СҚО-да мал ұрлау фактілері көбейген
Аймақ басшысы Қызылжар ауданында қоғамдық қабылдау өткізді
Петропавлда су құбыры жарылды
Петропавл халықаралық әуежайында “Ашық аспан” режимі енгізілді
Аймақ басшысы қаладағы құрылыс жұмыстарымен танысты
Петропавлда алғашқы қар жауды
СҚО-да “Цифрландыру күндері” аяқталды
«Апталық шолу» бағдарламасы 27.10.19
Алдағы екі күнге арналған ауа райы мәліметі
Аймақ басшысы шаһарда қоғамдық қабылдау өткізді