МТРА жаңалықтары

Петропавлда 6-шы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Рабиға Жұматаева – жұмыс іздеуші.

-Менің мамандығым экономист. Әлі жұмыс таппай жүрмін. Осы жәрмеңкеден кейін жұмысқа орналасамын деп ойлаймын.

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі жыл басынан осымен 6-ыншы рет өткізілуде. Екі қолға бір күрек іздеп жүргендердің дені жастар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар да бар. Қазіргі күні нарықта медициналық, инженер-техникалық және құрылыс саласындағы мамандарға сұраныс үлкен. Сондықтан, өздеріне білікті маман іздеген кәсіпорындар саны күн сайын артуда.

Айдос Рахымқазиев- Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыспен қамту секторының меңгерушісі.

-Бұл жәрмеңкеге 40 кәсіпорын қатысып отыр. Көрсетілген бос орындардың саны 111. Шақырылған адамдардың саны 150 тарта. Олардың 40 артығы мүмкіндігі шектеулі жандар.

Келесі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі шілде айының соңында өткізіледі деп жоспарлануда.

 

 

Култанов Байболат.