МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерлер палатасы журналистерді марапаттады

Айдарбек Балғабеков- “24.kz” арнасының меншікті тілшісі.

-Өте қуаныштымын. Бизнес саласында болып жатқан өзгерістерді халыққа жеткізу біз үшін мәртебе.

Кәсіпкерлер палатасымен журналистер арасында әріптестік ежелден орнаған. Төртінші билік өкілдері халықты аталған салада болып жатқан өзгерістерден үнемі хабардар етіп отырады. Бұл әріптестік әрі қарай да жалғасын табарына сенімдімін деді өз сөзінде СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев.

Жеңіс Қазиев- СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары.

-Журналистермен біз өте тығыз әріптестік қарым-қатынастамыз. Қандай шара болмасын, кәсіпкерлікке қатысты заңнамадағы өзгерістер және түрлі бағдарламалар бойынша мәселелері осы БАҚ өкілдері үнемі халыққа жеткізіп отырады. Сондықтан осы жандардың еңбегінің арқасында тұрғындар сапалы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

Жиында 20 ға жуық БАҚ өкілдері марапатталды. Олардың қатарында Муниципалды арна тілшілері де бар.

 

 

Магжан Ахмадина.