Өнеркәсіп

Биыл “Петропавл арақ зауыты БН” ЖШС жылдық қуатлығын 2 миллион литрге жеткізбекші

Тахир Гусейнов, “Петропавл арақ зауыты БН” ЖШС-нің директоры.

-Біз Петропавл арақ-шарап заутының бұрынғы бірнеше жылдар бойы қалыптасқан дәстүрін сақтаймыз, ассортиментін өзгертпей, сол күйінде қалдырамыз. Қосымша тағы жаңа аталымдағы өнім түрлерін қосамыз. Осылайша, жалпы саны 80-ге жетеді. Біз тұтынушылардың көңілінен шығуды және өнімге сұранысты арттыруды ойлаймыз. Ол үшін жеке қаражатымызға жаңа қондырғылар сатып алып, іске қостық. Сәтін салса, 2-ші жарты жылдықта толық қуатқа көшуді жоспарлап отырмыз. Сонда күніне 15-20 млн. теңгенің өнімін шығару мүмкін болады.

Тахир Гусейновтың бұл салада тәжірибесі мол. Кәсіпкердің болашақтағы мақсаты мен жоспары айқын. Ол аталмыш өнім түрлерімен ішкі сұранысты толықтай қамтып, шетел нарығына да шығуды көздейді.

Тахир Гусейнов, “Петропавл арақ зауыты БН” ЖШС-нің директоры.

-2016 жылы біз зауыттың және жұмысшылардың жүктемесін 50 пайызға дейін арттырмақшымыз. Оған қондырғылардың қауқары мен мамандардың біліктілігі жетеді. Біздің ел Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелік етеді. Жақында құжаттар рәсімделісімен, Бүкіл әлемдік сауда ұйымына енеміз. Президентіміз айтқандай, оған дейін біз тауарымызды экспорттайтын елдермен жақын байланыс орнатып, сенімді серіктес табуымыз керек. Қазір біз бұл тапсырманы орндаудамыз. Түркия еліне жыл сайын 1 млн. литр өнім жеткізіп тұруға келістік. Жыл соңына дейін мен тағы 2 елге тауарымды өткізуге тырысамын.

Мұнда 400-ге тарта біліктілігі жоғары маман еңбек етеді. Айта кетейік, 80 пайызының бұрынғы жұмыс орындары сақталыпты. Басым көпшілігінің зауыттағы еңбек өтілі 10 жылдан асады.

Татьяна Сысолятина, “Петропавл арақ зауыты БН” ЖШС-нің цех басшысы.

 

-Алда тауарымыздың ел және шетел нарығында өтімділігі жоғарыласа, айына 4 млн. шөлмек шығаруға мүмкіндігіміз бар. Біздегі өнім табиғи таза шикізаттан дайындалады. Энгридиенттер мен қоспаларды таза күйінде пайдаланамыз. Өнімге ешқандай алкасоф сынды ағзаға кері әсер ететін химиялық элеметтер қосылмайды. Оның орнына шөптер мен жемістердің тұнбаларын қолданамыз.

Сәтін салса, кәсіпорын екінші жарты жылдықтан бастап толық қуатында жұмыс істей бастайды.

Берик Касен.