МТРА жаңалықтары

28-ші маусым байланыс және ақпарат қызметкерлері күні

Мұратғали Әкетай – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы.

-Бүгіндері жақсылықтың жаршысы болған сіздерді және ұжымдағы барлық қызметкерлерді, әріптестеріңізді ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Абдразақұлының атынан, өз атымнан құттықтаймын. ҚР сот жүйесінде жеткен жетістіктерін және оның нәтижесін көріп, қаламдарыңыз арқылы халыққа жеткізіп жатқандарыңызға дән ризамыз.

Айта кету керек, өткен жылдың қорытындысы бойынша СҚО-ның соты республика көлемінде «ең үздік облыстық сот» ретінде танылды. Бұл жаңалық та журналистер назарынан тыс қалмады.

Кәрібай Мұсырман – «Қызылжар-Ақпарат» медиахолдингінің директоры.

-Қазақта сөз бар ғой, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің деген. Үлкен әулеттен, үлкен отбасыдан шыққан азаматсыз. Руханиятқа жақынсыз. Бізге жақынсыз, халыққа жақынсыз. Соның арқасында біздің облыстық сотымыз тарихымызда бірінші рет еліміз бойынша бірінші орын алды. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ең үздік облыстық сот атанды. Өте қуаныштымыз. Сізге тілейтініміз қашанда биіктен көріне беріңіз.

Жақсы тілектер мен құттықтаулардан кейін облыстық сот төрағасы мереке иелеріне раушан гүлдерін сыйлап, сыйлықтар табыстады. КТК телеарнасының меншікті тілшісі Гүлмира Сәулебекова сот қызметкерлері мен журналистер тығыз байланыста,-дейді. Бүгінгі сый-құрмет соның белгісі.

Гүлмира Сәулебекова – КТК телеарнасының меншікті тілшісі.

-Телеарна тілшілері үшін ең маңыздысы бұл ақпараттың жеделдігі. Сондықтан заң бойынша біз ақпаратты 3 күн ішінде талап ету керек болса, облыстық сотта ондай талап ешқашан болған емес. Кез келген ақпарат бірнеше сағаттың ішінде бізге дайын болады. Бұл облыстық соттың үлкен жетістігі деп ойлаймын. Өйткені қазір ақпараттану, жаһандану заманында бұл өте маңызды мәселелердің бірі. Ең бастысы бұл әрине жеделділік.

Мерекелік отырыстан кейін шараға қатысушылар естелік суретке түсіп, минут сайын хабар күтіп отырған бұқараға жаңалық таратуға асықты.

 

 

Айгерим Ержанова.