МТРА жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу

Қуанышбай Рахиев ҚР АШМ АӨК Мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Есiл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы

Біздің ауданда сыбайластық жемқорлықтың алдын-алу шараларын өткіземіз. Арнайы жәшіктер мен сенім телефондары орналасқан. Жыл басынана бері аудан әкімінің қабылдауында 6 азамат болған.

Облыс көлемінде агроөнеркәсіп салысында бармақ басты, көз қыстылыққа жол бергендер соңғы рет 3 жыл бұрын тіркелген. Бүгінгі күні заңды белшесінен басты деп танылған бірде бір азамат анықталмаған. Оның барлығы инспекция мамандарының еңбегінің нәтижесі. Бұл мақсатта аудандық мекемелерде азаматтардың ұсыныстары мен шағымдарына арналған қораптар орналастырыған. Сенім телефондары да жұмыс жасайды.

Әбдіманат Тоқбергенов, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті СҚО аумақтық инспекциясының бөлім жетекшісі

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерді мемлекеттік қызметкерлерден басқа да кез-келген мамандар жүзеге асыра алуы тиіс. Еліміздің ертеңі үшін, адал ұрпақ тәрбиелеуді отбасынан бастағанымыз жөн.

Семинар соңында инспекция қызметкерлері түрлі заңбұзушылықтардың бұдан былайғы уақытта да орын алмауы үшін тиімді жұмыс жасаймыз деп шешті.

Акбопе Танирберген.