Спорт

Петропавлда “Тас жолдағы велоспорттан ҚР 4-ші жазғы спартакиадасы” жалауын көтерді

Алексей Луценко, Азия ойындарының чемпионы

– Спартакиада менің туған жерімде, Петропавлда өткізіліп жатыр. Сол себепті маған алтын медальді иелену өте маңызды. Менің достарым, ата-анам осында. Өз қалама жиі келе бермеймін. Ал, сағынып келгенде осындай үлкен құрметпен қарсы алатындарына ризамын. Қатысушылардың барлығына да сәттілік тілеймін, жергілікті “винофоревер” командасына сенім артамын.

Чемпионат аясында велошабандоздар Новокаменка-Архангелка тас жолында жарысқа түседі. Айту керек, бұл – 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына іріктеу сыны.

Олжас Сейдолла, Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» директорының орынбасары

– Доданың Солтүстік Қазақстанда өткізілу себебі де бар. бәріне белгілі, Петропавл – велоспорттық отаны, талай чемпионды тәрбиелеген мекен. Бізге облыстық әкімдіктен ұсыныс келіп түсті, біз құп алдық.


Спартакиада маусымның 28-іне дейін жалғасады.

 

Акбопе Танирберген.