МТРА жаңалықтары

Петропавл қаласының заңды тұлғалары шілденің 5-не дейін көлік салығын төлеуі керек

Жібек Клюкова – Петропавл қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

– Петропавл қаласы бойынша кірістер басқармасы өз меншігінде көлік құралдары бар заңды тұлғаларды осы жылғы көлік салығын уақытында төлеуді ескертеді. Салық кодексінің 371 бабына сәйкес 5-шілдеге дейін заңды тұлғалар кешіктірмей 701-ші есептілігін тапсырулары тиіс.

Аталған салық бойынша толық ақпарат СҚО мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында көрсетілген. Онда өсім туралы және көлік құралдарына салынатын салықтың толық соммасы жайлы мәлімет бар. Жалпы бүгінде Петропавл қаласының заңды тұлғаларының иелегінде 4617 көлік тіркелген.

Жібек Клюкова – Петропавл қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

– 5-ші шілдеден кешіктірмей, көліктің тіркелген мекен-жайы бойынша көлік салығын төлеу керек. Бекітілген мерзімде салықтың міндеттерін орындамаған жағдайда, осы салық соммасына өсімдер қосылады. Өсім кешіктірілген әр күнге Ұлттық банкінің бекітілген 2,5 еселі қайта қаржыландырудың ресми ставкасы мөлшерінде есептелінеді.

Сондай-ақ, ҚР заңнамасымен бекітілген мерзімде салық төленбеген жағдайда заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

 

Айгерим Ержанова