Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірімізде ауыл шаруашылығына қажетті алғашқы техникалар шығарылды

Қанат Сүлейменов- «Казтехмаш» машина жасау зауыты» ЖШС коммерциялық директоры

– Саймандар бірдеңе қажет болса, біздің танымал «Джондир», «Крон» сынды фирмалар шетелде орналасқан. Олар бір күн сынып қалса, 2-3 күн тұрады. Бізде ондай жағдай болмайды. Зауытқа келіп, қажетті нәрсені алып, 1-2 сағаттың ішінде жасауға болады.

Әзірге зауыт өкілдері тек осы 3 техниканы ғана шаруалар назарына ұсынып отыр. Күннің аптап ыстығына қарамастан, өңір аграрийлері машиналардың техникалық мүмкіндіктері жайлы ақпаратты ерекше қызығушылықпен тыңдауда. Өйткені қазір, нақ шөп шабу науқанының қызған шағы. «Петерфельд Агро» ЖШС өкілдері мұндай қуатты техникаға қызығушылық танытып отыр. Оларды көліктің жылдамдығы қызқытрған. Кәсіпорынның егістік алқабы 12 мың гектарды құрайды. Соның 5 мыңы осы жем-азыққа бөлінген екен. Бұдан бөлек мұнда 3 мың бас ірі қара, 420 жылқы және 120 бас қой бар.

Нұрлан Әбділов- «Петерфельд Агро» ЖШС атқарушы директоры

– Бүгінгі көрсетілген техниканы ертеңнен бастап құжаттарды дайындап, өзімізде қалтырамыз. Тырнауыш мен шөп шапқыш алуды көздеп отырмыз. Ең алдымен жылдамдығына қызығып отырмыз.

Мынадай шөп шапқыш зауытта- 2,5 млн теңге болса, екіжақты тырнауыш мен шөп жинайтын кешен үшін шаруалар 4 млн тегеден астам қаржы жұмсауы қажет.

Владимир Бубенко- СҚО әкімінің орынбасары

– Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша аталмыш зауыт іске қосылған болатын. Бүгін олар ауыл шаруашылығына қажетті алғашқы техникаларының жұмысын көрсетіп жатыр. Олар дәл науқан қызған шақта шығарып отыр. Зауыт бір жылдық кепілдік береді. Аталмыш техникалар өзінің жылдамдығы және жоғарғы өнімділігімен ерекшеленеді.

Қазір техниканың құнын субсидиялау мәселесі шешілуде.

Магжан Ахмадина.