МТРА жаңалықтары

Петропавлға ағылшын тілі курсын өткізуге Германиядан шет тілі сарапшысы Петер Штрубен келді

Петер Штрубен – шет тілі сарапшысы, Германия

– Біз сабақты күніне бес сағат жүргіземіз. Сол уақытта ауызша диалог құрып, грамматикалық жұмыстар жасаймыз. Ағылшын тілінде видео қарап сөйлеу ережелеріне тоқталамыз. Жалпы балалардың, мұғалімдердің тілді үйренемін деген талпыныстары жақсы. Курсқа қатысушылар бір аптаның ішінде мол дүние меңгереді деген сенімдемін.

Қазір, мұнда 14 мұғалім ағылшын тілін үйреніп, тәжірбие толықтыруда. Олардың арасында қала мектептерінен бөлек, облыс аудандарынанда келген ұстаздар бар. Солардың бірі – Айым Жақыбаева. Ол, Шал Ақын ауданынан білімін шындау үшін арнайы келген. 7 жыл еңбек өтілі бар маман осы сынды курстарды бос жібермеймін дейді.

Айым Жақыбаева – Ы. Ыбраев ауылының М. Ахметбекова атындағы орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі, Шал Ақын ауданы

– Біз, екінші күн курс сабақтарына қатысудамыз. Өте жақсы өтуде. Көп нәрсе үйрендік.

Жалпы сабақтың қызықты өтуіне түрлі жағдайлар жасалған. Мұнда Курсқа қатысушылар, Петер Штрубенмен бірігіп ән айтып, ағылшын тілінде ойындар ойнайды.

Петер Штрубен қаламызға “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының МҰРЫНДЫҚ БОЛУЫМЕН келіп отыр. Семинар шілденің үшіне дейін жалғасады. Курс соңында барлық қатысушыларға халықаралық деңгейдегі сертификат табысталады.

 

Стажер.