МТРА жаңалықтары

Әке жолын қуған тәртіп сақшылары

Тыныштық Дюсекин, зейнеткер

– 1968 жылы Қостанай облысынан еңбек жолымды бастап, 1995 жылы зейнетке шықтым. Ешкімнің ала жібін аттаған емеспін. Балаларым да маған еліктеп өсті ме осы жолды таңдап, осы салада қызмет өтуде. Олардың тәрбиесіне баса назар аудардым. Менің де үлесім зор болған шығар.


Дюсекиндер әулетінде төрт полицей бар. Солардың бірі – старшинаның тұңғышы Сәуле Андагулова. Еңбек жолын әкесіне ұқсап, Науырзым аудандық Ішкі істер бөлімінде бастаған ол, қазір СҚО ІІД штабының басқарма бастығы.

Сауле Андагулова, СҚО ІІД штаб басқарма бастығы

– Әкем бізді кішкентай кезімізден тәртіпті болып, үлкенді сыйлауға тәрбиеледі. Ол кісіге еліктедік. бүгін де тергеу саласында 11 жыл қызмет атқарып, штаб басшысына дейін көтерілдім. бәрі отбасым мен ұстаздарымның арқасы.

Ақсақалдың ұлы Алмат Дюйсекин де тергеу саласына кездейсоқ келмеген. Ол бала күнінен-ақ асқар таудай әкесіне еліктегенін айтады. Оның арнайы үлгідегі киімді кигеніне қызығып, мен де осындай тұлға боламын деген бала қиялмен өстім дейді бүгінгі инспекторы.

Алмат Дюсекин, СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы

– Бала кезімнен әкемнің арнайы формасын ұнататынмын. Жұмыс орнына баратынмын. Мен де әкемнің қызықты қызметіне араласқым келетін. Әкемнің әріптестерінен Тыныштық Дүйскеин жақсы әрі адал қызметкер дегенді еститінмін. Сондықтан да болар ер жеткесін бірден ойланбастан осы салаға келдім.

Заңдылықты қорғап, қылмыстың алдын-алуда аянбай тер төгіп жүрген тәртіп сақшыларының әулетінде осы сабақтастық жалғасын тауып келеді. Бүгінде ақсақал өз мамандығына немерелерін де баулуда.

 

Акбопе Танирберген.