Билік

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов М.Ахметбеков атындағы орта мектептің түлектерімен кездесті

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Сіздерге спортпен айналысуға керемет жағдай жасалған. Кезінде бізде дене шынықтыратынбыз.

Кейін Ерік Сұлтанов мектеп бітіруші түлектердің кешіне қатысып, жасөспірімдерге ақ жол тіледі. Өңір жетекшісі өзі де осы мектепте оқып, білім алғанын мақтан тұтатынын айтты, білім ордасының ұжымына спорттық жабдықтар сыйлады.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Бұл мектеп әрдайым білім ордалардың алдыңғы қатарында жүреді. Мұннан талай генералдар, әкімдер, қоғам қайраткерлері бітірді. Солардың жолдарын сіздерге берсін.

Мектеп бітіруші түлектердің кеші концерттік бағдарламамен жалғасты.

Арыстан Қайыржан – Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектеп түлегі.

-Бүгін біздің мектеп бітіру кешімізге облыс әкімі Ерік Сұлтанов келіп, қуанышымызға ортақтасып отыр. Оған менің көңілім толып отыр.

Жалпы биыл Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектептен 16 түлек үлкен өмірге аяқ басты.

 

 

Риат Шони.