МТРА жаңалықтары

23 маусым-Мемлекеттік қызметкерлер күні

Ол маңызды мамандықтың мерейін өсіріп, қызметіне деген жауапкершілігін одан әрі арттыра түсуге септеседі. Осынау мейрам күні барлық мемлекеттік қызметшілерді облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтап, бұл іс аса жауапкершілікті талап ететіндігін атап өтті.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Мемлекеттік қызметшінің жұмысы білім мен біліктілікті, кәсіби шеберлікті, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, мемлекеттік қызметті таңдаған адамның басты мақсаты – халыққа әділ, әрі ашық еңбек ету, елдің сенімін ақтау, ұлттың абыройын асқақтату.

Бұдан соң өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов бірқатар мемлекеттік қызметшілерге құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын табыс етті. Кейін ұзақ жылғы адал еңбегі және мемлекеттік қызметке қосқан зор үлесі үшін «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен тағы 4 солтүстікқазақстандықты марапаттады. Ләтипа Төлепенова солардың қатарында. Белсенді азаматтық ұстанымы мен мемлекеттік қызметкер ретінде өзінің парызын адал атқарып жүрген жан мұндай наградаға ие болғынына қуанышты.

Ләтипа Төлепенова- СҚО қаржы басқармасының бөлім басшысы.

-Туған елімнің өркендеуіне қосқан еңбегіміз бағаланып жатыр. Сол үшін қуаныштымын. Еңбек жолымды ЖОО аяқтаған соң, М.Жұмабаев ауданындағы қаржы бөлімінде бастадым. Содан міне 22 жылдай уақыт жұмыс істеп келемін. Барлық мемлекеттік қызметшілерге денсаулық тілмеймін. Әлі де болса, елімізді дамуына үлестерін қоса берсін.

Бұл күні «Үздік жас мемлекеттік қызметші» облыстық байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Жалпы сайысқа 25 өтініш тапсырылыпты. Солардың ішінде 16-сы іріктеліп екінші кезеңге өткен. Жас келсе, іске демекші, сол конкурстанттардың арасында 1 жылға жуық уақыт мемлекеттік қызметте жүрген Азат Мұхамедияров жеңіске жеткен. Бүгін оған диплом мен теледидар сыйға тартылды.

Азат Мұхамедияров- СҚО әкімі аппаратының жетекші маманы.

-2014 жылдың желтоқсан айынан бастап облыстық әкімдік апппаратындағы бақылау және ақпарт секторына жетекші маман ретінде жұмыс істеп келемін. Бұл мен қатысқан осындай дәрежедегі алғашқы байқау болды. Ол кәсіби шеберлігімді шыңдауға септесті. Біз ол жерде жұмыстан бөлек, өзіміздің шығармашылық потенциалымызды көрсете алдық. Әрине қарсыластар мықты болды. Соған қарамастан жеңіске жеткеніме қуаныштымын.

Бұл жиында еңбек династиялары да сахна төріне көтеріліп, өздерінің үлгілі қызметтерін жұртшылыққа паш етті. Олардың кейбірінің жұмыс өтілдері 100 жылдан асып жығылады. Жалпы мемлекеттік қызметшілер қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты атқарады. Сондықтан осы жандардың құрметіне мерекелік концерт тарту етілді.

 

 

Магжан Ахмадина.