Спорт

Ұлттық сорт түрлерінен спортакиада жалауын көтерді

Сымағұл Аманов, Облыстық деңгейдегі бас төреші

– Сайыстың мақсаты – әр ұлттық дәстүрлі ойындарын насихаттау мен өскелең ұрпаққа алт-сананы ұмыттырмау. Бүгін 7 түрлі ұлттық ойындардан бақсталастық жүреді.

Сөйтіп спартакиада басталып та кетті. Алғаш болып алаңға жеңіл салмақтағы спортшылар шықты. 55 келі салмақ дәрежесіндегі Мағжан Жұмабаев ауданының үкілеген үміті – қызыл формалы Мағжан Зағыпаров пен Шалақын ауданының спортшысы Аслан Шүкенов “Жекпе-жек” сынында белдеспек.

Жекпе-жек спортында – қол мен аяқ қоса жұмыс жасайды. Сондықтанда бұл спорт түрімен айналысатындарға ширақ болу шарт. Тартыстың екінші кезеңінде Жұмабаев ауданынан келген Мағжан Зағыпаров қарсыласын ауырту әдісімен жығып, жеңіске жетті. Күннің аптап ыстығында ережесіз күресу тіпті қиын дейді спортшылар.

Мағжан Зағыпаров: Өте қиын болды. Бақытыма орай жеңдім. Күннің ыстығы бөгет болды.

– Аслан Шүкенов: “Жарақат алдым. Күн ыстық. Қарсыласым да мықты екен. Өзге қатысушыларға сәттілік тілеймін.

Қарсы бетте орыс лаптасынан командалық бақталас жүріп жатыр. Ерлер мен әйелдер арасындағы командалық ойынның бұл түрі өзінше қызық. Орыс лаптасына әуес жандардан аса қырағылық талап етіледі. Ал, алауы бүгін тұтанған Ұлттық ойындар спартакиадасы екі күнге созылады. Әр ауданның жүлдегерлері анықталатын шешуші кезең – соңғы күн.

 

Акбопе Танирберген.