Құқық қорғау органдары

Петропавлда “Борышкер” акциясы өтуде

Марат Абильмажинов – СҚО ІІД ӘПБ әкімшілік тәжірбие бөлімі бастығының орынбасары

– Теріскейде маусым айының 18-і мен 19-шы жұлдызында “Борышкер” жедел алдын акциясы өтті. Жалпы, бұл шараға әкімшілік полицияның 275 қызметкері, 25 сот орындаушылары мен 67 бірлік техника жұмылдырылған. Бұл акцияның басты мақсаты – көлік иесінің уақытылы төленбеген қарыздарын өндіріп алу болып табылады.

Ал, темір тұлпар иелерінің айтуынша, облысымызда бұндай шаралардың жиірек өтіп тұрғаны дұрыс.

– Мен өзім жолда тәртіпті сақтап жүруді қалаймын. Ал, егерде жүргізушілердің айыппұлдары болса, уақытылы төлегені дұрыс болар еді деп ойлаймын.

– Бұндай акциялар өңірімізде жиірек өткізілуі тиіс. Сонда заңбұзушылардың саны азайады.

Жалпы, бір күн ішінде өткізілген тексеріс барысында борышкер тұлғалардан 3,3 млн. теңге өндіріліп алынды. Ал, 12 темір тұлпар арнайы автотұраққа жіберілді.

 

 

Сагыныш Маркашева.