Спорт

Петропавлда энергетиктердің спартакиадасы өтті

Ал жаздың ми айналдырар аптап ыстығында өтетін жарыста энергетиктер спорттың 4 түрінен сынға түспек.

Светлана Овчинникова – “Севказэнерго” АҚ қызметкерлермен жұмыс жөніндегі басқарманың басшысы

– Жарыста Севказэнерго комапаниясының 5 мекеме өкілдері жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі және де спартакиаданың тарихында алғаш рет дартстан сынға түспек. Жалпы бұл сайыс алдында қызметкерлер үшін арнайы жаттығуларға уақыт бөлінді. Мекемеде футбол, волейбол ойнау үшін спорт залдар бар.

Спорттық сайысқа қатысып жүргендердің қатарында Әйгерім Жармұхамбетова да бар. “Севказэнерго автокөліктік кәсіпорны” ЖШС-ің хатшы-референті бұл спартакиадада өз бағын алғаш рет сынап отыр. Нәзік жанды жарыста бағы мен бабы қатар шабатынан нық сенімді.

Әйгерім Жармұхамбетова – “Севказэнерго автокөліктік кәсіпорны” ЖШС хатшы-референті

– Жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Енді жеңеміз деген үміттемін.

Жалпы 50-ге жуық энергетиктің басын қосқан спартакиада бір күнге жалғасады. Сайыс қорытындысы бойынша топ жарып үздік атанғандар диплом және медальдармен марапатталады.

 

 

Риат Шони.