МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Саят Әбдірахманов – Петропавл гуманитарлық техникалық колледжінің түлегі

– Осындай шаралар өте қажет. Бос жұмыс орнын бірден бір жерден таба аласың. Өзім бірнеше таңдау жасадым.

Жалпы биыл Петропавл гуманитарлық техникалық колледжін тәмамдап жатқан таудай талабы бар, талантты жастардың ұзын-саны 200-ден асып жығылады. Аталмыш білім ошағы өз студенттерін жыл сайын тұрақты жұмыс орынымен қамтып отырады екен.

Жасұлан Есентаев – Петропавл гуманитарлық техникалық колледжінің тәжірибе жөніндегі директордың орынбасары

– Жыл сайын студенттерімізді жұмыспен қамтып отырамыз. Әрдайым бітіргендердің 60-70 пайызы екі қолға бір күрек табады.

Бүгінгі жәрмеңкеге қатысып отырған 19 мекемінің бірі Петропавл ауыр машина жасау зауыты АҚ. Бұл кәсіпорында негізінен технолог, қырнаушы, фрезерші сынды мамандар тапшы.

Лариса Луценко – “ПАМЖЗ” АҚ кадр бөлімінің маманы

– Қазіргі таңда біздің кәсіпорында 12 бос жұмыс орны бар. Оның дені инженерлік-техникалық саласы бойынша. Осы жазда зауытта машина жасау колледжінің студенттері өндірістік-тәжірибеден өтті. Олардың арасында салмақты, жауапты деген азаматтар жұмысқа орналасты. Бүгін де міне маған сұхбаттасуға 2 жігіт келді. Олардың анықтамаларын жазып алдым. Басшылық қолдаса оларды жұмысқа аламыз.

Жалпы үстіміздегі жылы тағы да осындай жәрмеңке ұйымдастыру СҚО білім басқармасының жоспарында.

 

 

Риат Шони