Маусымның үшінші жексенбісі-медицина саласы қызметкерлерінің күні

Денсаулық сақтау

16:38 19 Маусым 2015

Жамбыл аудандық орталық ауруханасында осыған дейін 21 машина болған. Олардың кейбірінің тозығы жетіп, жаңартуды қажет ететін. Бүгіндері ол мәселе шешімін тауып отыр.

Ерлан Мүсетаев- Жамбыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері

– Біздің ауданға 4 санитарлық көлік беріліп отыр.Ол аудан халқына сапалы көмек көрсетуге септеседі. Сондықтан аудан халқының атынан мол ризашылығымды білдіргім келеді.

Дәрігерлер үшін үлкен мейрам екені көрініп-ақ тұр. Ол әдеттегідей сыйлықтардан басталды. Кейін барлығы облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығына өтіп, құттықтаулар қабылдады. Ауырып ем іздегенде барлығымыз жүгінетін дәрігерлерге деген жылы лебізді ең алдымен өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов жолдады.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Құрметті медицина қызметкерлері! Қадірлі қауым! Сіздерді медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын. Бұл-халықтың денсаулығын елдің даму көрсеткішімен тікелей байланыстыратын Қазақстан үшін маңызды мереке. «100 нақты қадам» ұлттық жоспарында да Елбасы денсаулық сақтау саласын жетілдіру бағытындағы маңызды шараларды енгізді. Бүгінде облыстың медицина саласының қызметкерлері Президент қойған міндеттерді атқару жолында аянбай ебек етіп жатыр.

Міне маңызды сәт те келіп жетті. Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов ұзақ жылғы адал еңбегі, облыстың денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін, кәсіби мерекелері қарсаңында 6 дәрігерге Құрмет грамотасын табыс етті.

Жұмаділ Шырынов- Тимирязев орталық аудандық аурухананың педиатр- дәрігері

– Барлық отырған адамдардың атынан алдағы уақытта да халқымызға, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын орындауға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз дегіміз келеді. Барлығын мерекемен құттықтаймын.

Тағы 3 медицина саласының қызметкері облыс әкімінің алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ, бұл күні 4 солтүстікқазақстандық дәрігер «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және 5 ақ халатты абзал жан «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталды. Олардың қатарында бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған Мейрамжан Қашкенов те бар. Білікті маман қазіргі күні денсаулық сақтау ісі жақсы қарқында дамып келе жатқандығын айтуда.

Мейрамжан Қашкенов- Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің зертхана меңгерушісі

– 30 жылдан бері туберкулезбен күрес саласында бактериолог болып еңбек етіп келемін. «Кох» таяқшасын емдеумен, оны қалай емдеу керектігін анықтаймын. Қазіргі күні біздің облыста дүние жүзінде қолданатын барлық жетістіктер игерілген.

Бас ауырып, балтырымыз сыздағанда медицина қызметкерлеріне жүгінеміз. Сондықтан оларға қандай мақтау айтсаң да жарасады. Адам жанының арашашысы болған дәрігерлерді бүгін сала ардагерлері де құттықауда. Медицина мамандары, әдеттегі ақ халаттарын тастап, салтанатты көйлек, би костюмдерін киіп, сахнаға шықты. Олар денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің арасында алғаш рет ұйымдастырылған көркемөнер байқауына қатысуда. Әсем ән мен әсерлі би. Осының барлығын жарысқа қатысушылар әріптестеріне ұсынды. Әсіресе, 3-ші қалалық емхананың ұжымы дайындаған «Халықтар достығы» биі барлығының көңілінен шықты.

Сөйтіп, ақ халатты абзал жандар өздерінің тек науқастарды ғана емдеуде емес, ән айтып, би билеуде де шебер екендіктерін дәлілдеді. Енді міне, байқаудың жеңімпаздарын анықтайтын кез де келіп жетті. Қазылар алқасы би ұжымдары арасында бірінші орынды ұйғыр биімен шыққан облыстық кардиологиялық орталықтың «Алтын жүрек» би тобына берсе, вокалды топтар ішінде Уәлиханов ауданынан келген Мейрам Әлімжанов топ жарды.

Мейрам Әлімжанов- Уәлиханов аудандық орталық ауруханасының терапевт- дәрігері

– Мен Уәлихан орталық ауруханасында дәрігер-терапевт боп қызмет етемін. 4 жыл болды еңбек етіп жатқаныма. Жұмысым өзіме ұнайды. «Қазақтай ел қайда?» әнін таңдаған себебіп, өзімнің жаныма жақын, әрі патриоттық ән. Әр адам өз елінің патриоты болу керек деп есептеймін.

Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Магжан Ахмадина.

Бұдан әрі оқыңыз

Облыстық аурухана жас мамандармен толықты
МӘМС жүйесінің жұмыс істеу механизмі түсіндірілді
Қарашаның 21-і – Халықаралық темекіден бас тарту күні
МӘМС жұмысы түсіндірілді
Дәріханалардағы қымбатшылықты жою жайы талқыланды
МӘМС механизмі түсіндірілді
Суицидтің алдын алу жайы талқыланды
Санитарлық авиацияның жұмысы