МТРА жаңалықтары

Есіл ауданы Горный ауылында су тарату станциясы ашылды

РАЙЫМЖАН ИСЕНОВ – ГОРНЫЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

– Осыған дейін нашар су ішіп келдік. Жиі ауыратынбаз.

Бағдат Ералинаның Горный ауылында тұрып жатқанына 15 жыл болған. Су мәселесі елді мекенде өзекті дейді. Жерлесіміз тіршілік көзін жақын маңдағы аудандардан сатып алып жүріпті.

БАҒДАТ ЕРАЛИНА – ГОРНЫЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

– Бұрындары өте қиын болатын. ауыз су тапшылығын көп көрдік. Енді бәрі жақсарды.

Жаңа су станциясы барлық заманауи талаптар бойынша жабдықталған. Мұнда тіршлік көзі толықтай тазартылып, тұрғындарға жеткізіледі.

ЕРМЕК ТАШМАҚАНОВ – «АҚ БҰЛАҚ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

– Биыл өңір басшысының тапсырмасымен су мәселесі шешілді. Облыс бюджетінен бөлінген 32 млн теңгеге жаңа су станциясы тұрғызылды. Енді жұртшылық таза ауыз суды пайдаланыла алады. Айта кеткен жөн, тіршілік көзі тексерістен өтіп, арнайы фильтрлер арқылы тазартылып берілуде.

Бүгінде қолданысқа берілген станция екі бірдей ауылға су таратпақ. Ол Горный және Жамбыл елді-мекендері. Мұнда барлығы 600-ге тарта тұрғын бар. Айта кеткен жөн, осы сынды станция Есіл ауданы бойынша 8 ауылда орналасқан.