Денсаулық сақтау

Петропавлға Алматыдан академик Б. Джарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының мамандары келді

Михаил Зельцер – ҚР профилактикалық медицина академиясының академигі, м.ғ.д., профессор

– Экологиясы нашар жерлерде әрине ерлер патологиясы жоғары болады. Оны 2009-2012 жылдар аралығындағы «Ерлер денсаулық мектебінің» зерттеу нәтижелері дәлелдеп отыр. Бұл сынаққа ҚР-ның 16 қаласынан 4021 азамат қатысты. Уроандрологиялық патология 3348 ер адамнан табылса, 1206-сынан созылмалы простотит ауруы анықталды. Бұл тым жоғары көрсеткіш.

Ал ҚР Бас урологы Мырзакәрім Алшынбаев көршілес жатқан Көкшетау қаласына қарағанда солтүстікқазақстандық ер азаматтардың денсаулығы әлдеқайда жақсы екенін атап өтті.

Мырзакәрім Алшынбаев – м.ғ.д., профессор, ҚР бас урологы

– Солтүстік Қазақстанда урологиялық ауру еліміздің өзге аймақтарына қарағанда көп таралмаған. Ол қуанышты жағдай, әрине. Ал Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары бұл тізімде көш бастап тұр. Мына тұрған Көкшетаудың өзі несеп тасы ауруы бойынша сіздерден 3 есе үлкен көрсеткішті көрсетіп тұр. Бұл сумен байланысты. Жалпы, ерлердің нәзік жанды арулардан үйренері көп. Әсіресе өздерін күту жағынан.

Бүгінде ерлер патологиясы еліміздің басты проблемасына айналып отыр. Өйткені республика бойынша ер азаматтардың 16%-ы белсіздікпен ауырады екен. Мамандар оларды дәрігерлер тексерісінен жиі өтіп, денсаулықтарына немқұрайлы қарамауға шақырады.

Айгерим Ержанова.