Спорт

Петропавлдық кикбоксшылар ел біріншілігінен жүлделі оралды

Жадыра Ахмадиева – кикбоксингтан ел чемпионы

– Бұл-мен қатысып отырған алғашқы ел чемпионаты. Жекпе-жектерім қиын болды. Алайда, тыңғылықты жаттығу мен бапкерлердің айтқан ақылдарының арқасында бірінші орын алдым. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын.

Сондай-ақ, аталмыш жарыста қоржынымыз күміспен де толықты. К1 бөлімінде сайысқа түскен Алексей Кривенко екінші орынды еншіледі. Ол барлық қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, тек финалдық жекпе-жекте Семейлік спортшыға есе жіберген.

Алексей Кривенко – кикбоксингтан ел чемпионатының күміс жүлдегері

– Жарыс өте қиын болды. Ең соңғы кездесуде қарсыласыма аздаған ұпаймен ұтылдым. Қазір қателіктерімді анықтап, сол бойынша жаттығудамын. Енді Азия чемпионатына дайындаламын.

Жалпы байрақты бәсекеге республиканың әр өңірінен 185-ке тарта спортшы қатысты. Біздің құрама сапынан 12 кикбоксшы бақ сынап, бес бірдей медалды қанжығаларына байлаған.

Әділ Нұржауыпов -кикбоксингтан облыс құрамасының бас жаттықтырушысы

– Кикбокстан Қазақстан чемпионатында топ жару, Азия біріншілігін ұтудан да қиын. Өйткені, біздің құрама сапында мықты спортшылар көп, әрі Азия біріншіліктерінде үнемі біздің құрама бірінші орынға шығады. Соған қарамастан, жақсы өнер көрсетіп келдік. Алғашқы орындардан көрінген спортшыларымыз, ел құрамасына кірді. Олар енді алдағы жарыстарда еліміздің намысын қорғайтын болады.

Ел біріншілігінде алтын, күміс алқалар алған кикбоксшылар тамыз айында Индияда өтетін Азия чемпионатына қатысатын болады.

 

 

Стажер.