Балалар

«Жасыл ел» жасағы жұмысқа дайын

Асқар Баймұқанов- «Жасыл ел» облыстық штабының жетекшісі

– Жасыл елдіктер аймағымыздың 9 ауданында еңбек етеді. 12 мемлекеттік орман шаруашылығындағы орманшыларға көмектесіп, тоғайларды тазарту жұмыстарымен айналысады. Жастар жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыдан 26 мың теңге алса, тағы республикалық қазынадан 15 мың теңгеден алады. Яғни, бір студенттің табысы 40 мың теңгенің маңайында болмақ.

Еңбек етуге құлшыныспен келген жастар үшін бұл жерде мерекелік бағдарлама ұйымдастырылыпты.

Алаңғы жиылған жастар 1 шілдеден бастап, жұмысқа кіріседі. Еңбектің наны тәтті екенін жақсы білетін олар, ешқандай қиындықтан қорықпаймыз деп отыр. Бұл жұмыстарға нәзік жандылар да тартылған.

Әдемі Ғабдола- М:Қозыбаев атындағы СҚМУ 1 курс студенті

– Ормандарды, өзен- көлдер маңын тазартамыз. Жаңа достар табуға да жақсы мүмкіндік. Таныстарымыздың қатарын көбейтіп отырамыз. Жалпы бұл Елбасымыздың қолдауымен ашылған бағдарламаның жастарға берері мол. Жаз уақытын бос өткізбей,қаражат жинауға үлкен мүмкіндік. Осы жасыл елдің қатарында жұмыс істейтіндігіме өте қуаныштымын.

Ғалия Қоқашева- М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің 1 курс студенті

– Жасыл елге келгенім уақытты құр босқа өткізбей, қаражат жинау. Өзіме керек нәрселер алуға жұмсаймын деп ойлаймын.

Айта кету керек, биыл Елбасының қолдауымен құрылған «Жасыл ел» бағдарламасына 10 жыл толмақ. Сондықтан мұндағылар «10 екпінді жұмыс» акциясын өткізуді жоспарлап отыр.

 

Магжан Ахмадина.