МТРА жаңалықтары

“Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ СҚОФ 2014 жылдың қорытындысын жариялады

Данияр Маекенов – “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ сервис-орталығының меңгерушісі.

-Республика бойынша ағымдағы жылдың 1 маусымындағы салымшылар шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны – 10 014 027 бірлікті құрады.

Барлық қорларды біріктіру халық үшін бүгінде тиімді. Салымдар жайлы ақпаратты бір-ақ жерден алу мүмкіндігі туып отыр. Сонымен қатар тұрғындар өздерінің жеке зейнетақы шотын www.enpf.kz сайтынан немесе ұялы телефонға қосымша жүктеп сол арқылы тексере алады. Бұл жаңашылдық салымшылар арасында қызығушылық туғызуда.

Данияр Маекенов – “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ сервис-орталығының меңгерушісі.

-Шамамен – 700 000 салымшы e-mail және БЖЗҚ веб-сайттары арқылы жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алады.

“БЖЗҚ” АҚ СҚОФ қызметкерлерінің баяндамасынан кейін баспасөз брифингіне қатысушы БАҚ өкілдері өз сұрақтарын жолдады.

Гүлгүл Қуатқызы – “Солтүстік Қазақстан” газетінің тілшісі.

-Қайтқан кісінің мұрагері жинақтан қанша пайызды ала алады?

Ғалия Мұқанова – “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ операциялық бөлімінің меңгерушісі.

-Жерлеген кезде бір рет, яғни 103 мың теңге көлемінде ақшаны алады. Кейін қалғанын есеп шотқа толықтай аударады.

Қазіргі таңда “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ-тың 13 аудандары және Петропавл қаласында 2 қызмет көрсету орталығы бар. Онда таңғы сегізден кешкі жетіге дейін 82 адам үздіксіз қызмет етеді.

 

 

Риат Шони.