Денсаулық сақтау

Қалалық балалар емханасына жас мамандар келді

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын аяқтаған соң жас маман Петропапвл қаласын таңдаған. Алғашқыда жұмысқа үйрену қиын болды дейді Айдана Закирина. Бірақ көп ұзамай, ұжымымен және кішкентай пациенттерімен тез тіл табысып кеткен.

Айдана Закирина – Қалалық балалар емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері.

-Бастапқы қиын болды. Жаңа қала, жаңа адамдар. Бұл жерде мен тұрмысқа шықтым. Жақындарым басқа қалада тұрады, өзім жалғыз болғасын қиындау болды.

Айдананың жолдасы қазір облыстық ауруханада еңбек етеді.
Ал күндізгі стационарда жас маман Анастасия Лобастова кішкентай пациенттерді қабылдауда. Бүгін дәрігердің көмегіне Айгерім мен Алтынай келген. Небары 9-10 жаста болса да қыздардың асқазандары сыр беріпті. Жұмысына тыңғылықты маман емделушілерді мұқият тексеріп, емдеу шараларын түсіндіруде.

Анастасия Лобастова – Қалалық балалар емханасының дәрігері.

-Бізге артопедия, невралогия ауруларына шалдыққан балалар көп келеді. Таңертең емделушілерді қабылдасақ, түстен кейін стационарда жатқан балалармен жұмыс істейміз. Ем-дом шараларын арнайы жабдықтанлған бөлмелерде де жүргіземіз.

Жалпы жас мамандарға жаңа жұмысына сіңісіп кетуі үшін барлық жағдайлар жасалған. Қызметке тұрғанда әрбіріне 200 мың теңге көлемінде көтерме ақы беріледі.

Ирина Абрамишвили – Қалалық балалар емханасының педиатрлық бөлім меңгерушісі.

-Биыл оқу бітірген жас мамандар келіп үлгерген жоқ. Өткен жылы қатарымызға 3 дәрігер қосылды. Бізде әлі де педиатр мамандар тапшы. Жастарға мемлекет тарапынан жақсы қолдау көрсетілуде. Бұл дегеніміз жас мамандардың қатары артады деген сөз.

Қалалық балалар емханасында бүгінде 26 мың бала тіркеуде тұр. Олардың денсаулығына 47 дәрігер және 115 орта білімді медициналық қызметкерлер жауапты. Қазір емханада 7 маманға бос орын бар.

Стажер.