Спорт

Петропавлда ашық аспан астында тренажерлық құрылғылар орнатылуда

Данияр Жолдаспаев, Петропавл қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.

-Облыс әкімінің тапсырмасымен көшелерде спорттық тренажерларды орналастыру жұмыстары жүріп жатыр. Мұндағы басты мақсат – жергілікті жұршылықты дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға шақыру. Еліміздің орталығынан әкелінген құрылғылардың біреуінде 12 комплекттен. Біз үшеуін алдық. Бұл жерге бірінші орналастырылды. Тағы екі саябаққа орнатылу үстінде. Құрылғыны мықты қылып бекіту үшін ПетроСтройЛюкс ЖШС көмек көрсетуде.

Бастысы халық игілігіне арналған қондырғылар Қазақстанда жасалған. Дәлірек айтсақ Қарағандылық “Корат” серіктестігі өндірген. Темір құрылғы бекітілген жер тереңірек қазылып, бетонмен бітелген. Сапасы жоғары құралдармен Петропавл жұртшылығы қысы-жазы жаттыға алады.

Ақбөпе Тәңірберген, тілші.

-Бұл алаңда ашық аспан астында 10-нан артық тренажерлық құрылғы орналастырылған. Мәселенен, мына спорттық құрылғы “Шаңғы жүрісі” деп аталады. Бұл аяқ бұлшық еттерін жаттықтыруға арналған.

Мұнда келушілер саны күндізде көп. Негізінен кешкі 6-ның кезінде адамдар жиналып қалады екен.

Бүгін мұнда үшінші күн келіп дайындалып жүрмін. Петропавлдықтарды мұнда спортпен шұғылдануға шақырамын.
– Мен негізінен спортпен қаладағы жабық тренажерларға барып жаттығатынмын. Ол әрине ақылы. Мұнда орналастырылғанын кеше көрдім. Енді күн сайын келіп жаттығып тұратын боламын. Өте қуаныштымын.

Аталған құрылғылар қазіргі күні Облыс орталығындағы “Солтүстік жұлдызы” және “Жеңіс” саябақтарына да қойылады. Қалаға әкелінген жаттықтыру құралдарының жалпы саны 36.

 

 

Акбопе Танирберген.