МТРА жаңалықтары

Өңірімізге ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғары комиссары келді

Сөйтіп жас мемлекетімізді дамудың даңғыл жолына бастады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық ұйым алдына тағы бірқатар тапсырмалар жүктеді. Оларды облысымызға келген мейманға аймақ басшысы Ерік Сұлтанов айтып берді.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Ең алдымен Қазақстанның жоғары мәдениетті 30 елдің қатарына енуі. Екіншіден азаматтық ұстанымдарды дамыту. Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, мемлекеттік тілді меңгеруге басымдық беру. Тағы Ассамблея мүшелері қоғамдық бақылау жүйесін күшейтуге үлес қосуы керек. Бүгіндері Ассамблеяның ең басты міндеті ол мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға ат салысу.

Бүгіндері өңірде тұратын барлық ұлттар мен ұлыстар өз тілін, мәдениеті мен дәстүрін оқып-үйрене алады. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Мемлекеттік тілді меңгеруге де ниет білдірген өзге ұлт өкілдерінің қатары қалың. Мұндай жұмыс әрі қарай да жалғасын табатын болады. Өз кезегінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғары комиссары – Астрид Турс қазақилық қонақжайлылыққа алғысын білдірді.

Астрид Турс- ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғары комиссары.

-Екінші рет елдеріңізге келдім. Қазақстанның даму қарқынына үнемі таң қаламын. Өткен жолы келгенде мен оңтүстік өңірлерді аралауға ниет білдіріп едім. Осы жолы теріскейге келуді жөн санадым. Мен Ассамблеяның өңірлердегі жұмысын көріп білгім келеді. Өйткені сіздерде ұлтаралық татулық пен бірлікті сақтауға көп көңіл бөлініп, кез келген ұлтқа деген сыйластық қарым-қатынас сақталған. Осы таң қалдырады.

Жалпы Астрид Турс елімізге Ассамблеяның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған конференцияға шақырту алып келген екен.

 

 

Магжан Ахмадина.