Спорт

ЕС-164/3 түзету мекемесінде жазғы спартакияда басталды

Нұржан Шаяхин – Ес-164/3 түзету мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие жөніндегі бөлім бастығы.

-Спартакияда дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Сотталушылар жарыстың өтуіне жақсы дайындалды.

Жарыста бақ сынаушылардың арасында Әділ Нұртажиев те бар. Ол – Ес-164/3 түзету мекемесінде 2013 жылдан жазасын өтеуде. Бүгінгі сайыста волейболдан сынға түспек. Өткен жылы аталмыш спорт түрінен командасымен бақ сынағанымен, жүлдегерлер қатарынан көріне алмаған.

Әділ Нұртажиев – Ес-164/3 түзету мекемесінде жазасын өтеуші.

-Былтыр ойнап ұтылып қалдық. Биылғы дайындық жақсы болды. Жеңіске жетеміз деген сенім бар.

Жарыстың алғашы ойыны осы волейболдан өтті. Ес-164/3 түзету мекемесінің құрамасының қарсыластары – “Жеңіс спорт клубының” волейболшылары. Екінші құраманың ойыншылары қаншалықты болғанымен, жазасын өтеушілер де намысқа басып, өз мүмкіндіктерін босқа жібермеді.

Айта кеткен жөн, биылғы жылдан бастап түзету мекемесінде ата-аналар комитеті құрылған. Аталмыш ұйымға жазасын өтеушілердің жақындары мүшелік етеді. Қазіргі уақытта комитет құрамында 7 ата-ана бар. Бүгінгі жарысты тамашалауға ұйым атынан Любовь Андронова да келіпті.

Любовь Андронова – Ес-164/3 түзету мекемесінің ата-ана ұйымының мүшесі.

-Ата-аналар ұйымы жуырда құрылды. Мұнда жазасын жақсы тәртіппен өтеп жатқан жазаланушылардың жақындары жиналған. Біз осындай шараларға жиі келіп тұрамыз. Менің балам түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Көп кешікпей ортамызға оралатындығына сенімдімін.

Сотталғандар арасындағы спартакиада 2 айға жалғаспақ. Жарыс соңында жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталатын болады.

 

 

Стажер.