МТРА жаңалықтары

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің V съезінен теріскейлік делегация мол әсер алып қайтты

Ең бастысы – бір шаңырақ астында бас қосқан дін көсемдерінің көздеген мүддесі бір, мақсаты ортақ. Ол күллі ғаламда бейбітшілік ортанып, ұлтаралық алауыздықққа жол бермеу.

Кенжетай қажы Дүйсенбай- «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы.

-Адамзат баласының саяси және ішкі-діни тұрғысынан бір ынтымақ бірлікке шақыру. Ол тек Қазақстандаға ғана емес, күллі әлемде жасалып отыр… Сондықтан біздің елдің мұндай шараны өткізуі қуантарлық жағдай.

Діни құрылтайда сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуға барлық тараптардың мүдделі екенін атап өтті. Жиында дәстүрлі емес ағымдардың жастар санасын улап жатқандығы да сөз болды. Бүгіндері бұл өзекті мәселе. Жас ұрпақ ел болашағы екендігін ескерсек, мұндай проблемаға жол берілмеуі тиіс.

Сәуле Сүлейменова- «Конфессияаралық және этникааралық зерттеу орталығы» ҚБ төрайымы.

– Дін мен жастар тақырыбы өзекті болып табылады. Қазіргі заманда терроризм мен экстремизм сондай сұрақтар бар. Бізджің елде бар және күллі әлемде бар деп айта аламыз.

Келесі осындай дін өкілдерінің отырысы 2018 жылы өткізіледі деп жоспарланған.

 

Магжан Ахмадина.