МТРА жаңалықтары

СҚО кәсіпкерлер палатасы жер қатынастары туралы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізуді ұсынып отыр

Қазіргі таңда 0,5 гектар участокты 10 жылға уақытша пайдалану құқықын сатып алу үшін мемлекетке 1 млн. 270 мың теңге төлеп, оған қоса жыл сайын 52 мың 110 теңге көлеміндегі салықты өтеп отыру қажет. Бұл көптеген кәсіпкерлердің қалтасын қағып, шығынға батыруда. Өзекті сұрақ ҚР-ың Ұлттық кәсіпкерлер палатасының селекторлық кеңесінің қарауына жолданды.

Күн тәртібіндегі келесі сұрақ – 2010 жылы қалалық мәслихаттың елді мекендерде орналаспаған ауылшаруашылығына, өнеркәсіпке арналған жерлердің салығын 50 пайызға өсіруіне қатысты болдын. Бұл шешім СҚО кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің ойынша заңдастырылмаған. Өйткені салық төлейтін участоктар дұрыс аймақтандырылмапты.

Мадина Үмбетова – СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы.

– ҚР-ың салық кодексінің 387 бабы 1 тармағына сәйкес жергілікті билік өкілдері жер салығының ставкасын төмендетіп, ұлғайта алады. Тек 50 пайыздан асыра алмайды. Бұл ретте қалалық мәслихат салық төлейтін участоктарды аймақтандыру актісін әділет органында заңдастырмай, жер салығының базалық ставкасын өзгерту туралы шешім қабылдады. Осы орайда кәсіпкерлер палатасы заңсыз құқықтық актіні шығарған органға оны өзгертуді ұсынады.

Бұл ұсынысты қалалық мәслихат депутаттары қабылдап, жақын арада оң шешімін шығаратынын жеткізді.

Ләззат Жалмұқанова – қалалық мәслихаттың хатшысы.

– Бұл ұсыныспен мен әрине келісемін. Және жақын арада біз өз шешімімізді әділет органында заңдастырамыз.

Күн тәртібінде қарастырылған барлық сұрақтар бірауыздан қолдау тауып, жуық арада қарастырылатын болып келісілді.

 

 

Риат Шони.