Спорт

Петропавлда жабық спорт кешені ашылмақ

Валерий Евдокименко – Петропавл қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі.

– Мұнда 200 тоннадан артық топырақ, 300 тоннаға тарта құм әкелінді. Әлі атқарылмаған біраз шаруа бар. Жақында екі теннис үстелі, баскетбол сақиналары мен воллейбол торлары орнатылады. Алаң сыртында да келушілерге жағдай жасалады. Яғни, балаларға арналған қалашық және асфальтты жол төселеді. Бұл қаламыздағы ең алғашқы жабық спорт алаңы болмақ.

Нысанның құрылысына қала бюджетінен 20 млн. теңге бөлінді. Қаражаттың басым бөлігі ішкі жөндеу жұмыстарына құйылды. Ауданы 24*42 метрді құрайтын бұл кешен басқа алаңдардан жағажайлы воллейболымен ерекшеленбек.

Юрий Мошенко – Петропавл қалалық әкімдігінің мектептен тыс жұмыстар орталығының директоры.

-Бұл жерде таңғы 10-нан кешкі сағат 8-ге дейін үлкендермен қатар, кішкентай балалар да спортпен шұғылдануға келе алады. Бастысы барлығы тегін. Корт ашылғанда 150-ге жуық адам келеді деп күтілуде. Бұл жерде жағажайлы воллейбол да болады. Яғни олар құмда тұрып ойнайды. Келушілер еңбегімізді бағалайды деген ойдамын.

Осы аудандағы кішкентай тұрғындар жаңа спорт нысанының ашылуын асыға күтуде. Олар кешен есігін айқарса жазғы демалыс тиімді әрі пайдалы өтетініне сенімді.

Елена Беспятова.

– Мен біздің ауданда мұндай кешеннің ашылатынына қуаныштымын. Өйткені мен спортпен шұғылдануды ұнатамын.
Ангелина Кудрявцева.

-Мен коньки тебуді ұнатамын. Сондықтан бұл алаңның тұрақты келушісі боламын.
Анна Загайнова.

-Маған бұл корт ұнады. Өйткені қысы-жазы спортпен айналысуға болады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты алаңның тапсырылу мерзімі кешіктірілген. Сондықтан жөндеу жұмыстары келесі аптаның ортасына дейін жалғаспақ.

 

Айгерим Ержанова.