Білім

Педагогтар білім саласына қатысты 4 нақты қадамды талқылады

Мәселен Тайынша ауданының № 2-ші орта мектебінен келген Александр Трикоз “Бастауыш сыныптардағы жаңартылған бағдарламалар оқушы мектепке апаратын бір ғана кітапқа топтастырылса”,-деген ойын ортаға салды. Бұл ұсынысты семинар модераторы Ольга Васильева да құп санайды.

Ольга Васильева – Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің маманы, филологиялық ғылымдардың кандидаты.

– Жаңартылған бағдарламалар бойынша жаңа кіраптар беріледі. Яғни оқу құралына қосымша “дидактикалық материалдар” кітапшалары бар. Болмаса білім саласына қатысты барлық кітаптар кірістірілген каз.контент сайты жұмыс жасайды. Менің ойымша бұл сұрақ көбіне 12 жылдық сыныптарға қатысты.

Дәл осы мәселе “Ұлт жоспарындағы” 76-шы қадамда айрықша аталып кеткен. Онда 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізіп, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту жайлы айтылады. Бұл ретте, семинарға Ақжар ауданынан келген Бестерек орта мектебінің директоры Болат Закенов өз ойын білдіруде.

Болат Закенов, Бестерек орта мектебінің директоры, Ақжар ауданы.

-Сондай-ақ, 77, 78-ші қадамдарда алдыңғы қатарлы 10 колледж бен ЖОО-да білікті кадрларды әзірлеу мәселері қарастырылған. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» филиалы директорының орынбасары Мархаба Қуантаева болса, семинар барысында – ағылшын тілінде оқытуға көшу мәселесіне тоқталды.

Мархаба Қуантаева, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» филиалы директорының орынбасары.

-Семинарға қатысушылар Елбасымыздың бес институционалдық реформаны жүзеге асыруда белгілеп берген 100 нақты қадамында қамтылған тапсырмалардың жүзеге асуына бір адамдай ат салыспақ.

Акбопе Танирберген.