Құқық қорғау органдары

Облыста алимент төлемеушілерге тәртіп күшейді

Біраз уақыттан соң ол Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылынан табылды. Құқық қорғау қызметкерлері айыпты тұлғамен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алимент төлеуден қашқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Заң бұзушыны құқық қорғаушылар “Іздеу” шарасы кезінде құрықтаған.

Серік Молдабаев – Петропавл қалалық ІІБ көші-қон полициясы бөлімінің бас инспекторы.

– Петропавл қаласында жедел алдын-алу жұмыстарын жүргізу кезінде, 16 қарыз адамның тұрған жерлері анықталды. Оның ішінде 3 алимент төлемей жүрген тұлға бар.

Сонымен қатар, баласының алдында қомақты қарызы бар 26 жастағы қыз да іздеу барысында анықталды. Бүгінде оның берешегі 2 миллион теңгеге жеткен. Көкек ана Ресей Федерациясының Сочи қаласынан табылған. Полицейлер шара барысында 163 іс бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізбекші. Оның 29 алимент төлемей жүрген тұлғалар болса, 134-і салық пен айыппұлдардан жалтарғандар.

 

Стажер.