МТРА жаңалықтары

Жөргектегі балғындар бақ сынасты

Айзада Исагулова

– Менің ұлым Санжар 8 айлық. Баламыздың бұл сайысқа қатысқанын жөн көріп, алып келдік. Қолдау таныту үшін әкесі мен атасы да келді. Баламыз жеңіске жетеді деген ойдамыз.

Санжар өміріндегі алғашқы тай-таластығын бастап та кетті. Жиылған жұрттың көптігінен бе, балақай орнынан қозғала қоймады. Ешқандай ойыншық та, тіпті сүт толы құтысы да оны алға жетелей алмады.

Дегенмен, оның қарсыласы 7 айлық Алиса әлдеқайда ширақ болып шықты. Мәреге бірінші болып жетіп, жеңіске жетті.

Нина Барабанова

– Байқау 4 номинация бойынша өтуде. Яғни, жас шамаларына байланысты 4 топқа бөлінген. Әркім өзімен жасты бөбекке қарсыластық танытады. “Жөргектегі чемпион” байқауына балғындардың ата-аналары әлеуметтік желі арқылы тіркелді. Бұл жастағы тым кішкентай балалардың арасында бүгінде спорттық ойындар жоқ. Бүгінгі қатысушылар ер жеткенде 6 айлығымнан спортпен шұғылданғам деп айтып отыратын болады.

Петропавлда алғаш рет ұйымдастырылған сайыста 6 ай мен 2 жас аралығындағы 30-ға жуық бөбебектер қатысты. Байқау соңында олардың барлығы да жеңіске жетті деп саналып, сертификаттар мен хаггис жөргектерін сыйға алды.

 

Акбопе Танирберген.