МТРА жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлық жастар көзімен

Нұрлан Жахин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы

– Әлеуметтік желіде барлық адам дауыс беретіндей мүмкіндік болғандықтанда жеңімпазды осы жолмен анықтауды жөн көрдік. Бүгінгі ұрпақты отанға адал қызмет етіп ақшаға құқнығып мемлекеттік құндылықтарды ұмытпасын деген мақсатта өткіздік.

Аталған байқауда бала күнінен сурет салуға әуес Шамиль Кабдышев де бағын сынап көрген. Оның салған суреті «Сыбайлас жемқорлардың жүзі» номинациясы бойынша үздік атанды.

Шамиль Кабдышев , № 20 орта мектептің оқушысы

– Менің осы бір сурет арқылы қолындағы билікті пайдаланып ақшаға құнығып кеткен адамды бейнеледім. және көзі ақшадан көрмейді дегенді меңзедім.

Ал, Анжелика Норик өзінің мына суретін «Өмірдегі сыбайлас жемқорлық» деп атаған. Айта кету керек жас суретшінің дәл осы туындысы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аудартып, ең көп дауыс жинаған. Оқушының айтуынша ел қазынасына қол салған азамат елінің болашағына нұқсан келтірген сатқынға пара-пар.

Анжелика Норик , Булаев № 2 орта мектебі

 

– Егер азаматтар мемлекет қазынасынан ақша ұрласа, ол елдің экономикасымен қатар қоғамында да еш даму орын алмайды. Бұл суретім арқылы осы ойымды жеткізе алдым деп ойлаймын. Сурет салуға бала күнімнен әуеспін, бұл суретті 2-3 күнде салып шықтым.

Жемқордың бет жүзін – әжуәлап көрсететін қиын да күрделі жанр карикатурамен бейнелей алған 4 оқушыға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыс етілді.

Акбопе Танирберген.