МТРА жаңалықтары

Қасиетті Рамазан айының басталуына санаулы күндер қалды

Жылдағыдан өзгешерек, небары 29 күнге созылатын қасиетті рамазан айы биыл жаздың небір ми қайнатар аптап ыстық күндерімен тұспа-тұс келіп отыр. Әрі биылғы рамазан айында ауыз бекітетін мұсылман қауым 19 сағатқа жуық уақыт бойы рұқсат етілмеген әрекеттерден тиылады.

Кенжетай қажы Дүйсенбай- «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы

– Ерекшелігі маусым мен шілде айы арасындағы ораза енді 36 жылда бір қайтып келеді.

Рамазан айы қарсаңында Еліміздің бас мүфтиі барша қазақстандықтарға үндеу жариялаған болатын. Дінбасылары осы айда халық көп тұтынатын тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасын төмендету ұсынысын жасап отыр.

Кенжетай қажы Дүйсенбай- «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы

– Онда осы уақытта бағаны қолжетімді ету жайы айтылдды. Яғни, қайырымдылық шаралырн көптеп қолға алу қажет.

Айта кету керек, биылғы пітір садақа мөлшері республика аумағында 200 теңге болып бекітілді.

 

Магжан Ахмадина.