Аптадағы маңызды жаңалықтар

Электр энергиясының құны өспек

Мағауия Сағандықов – «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры

– Бағаны өсірудің себебі “Кегог” компаниясының тасымалдау құнын арттыруы. Сонымен қатар шығынға батуымыз. Өткен 2014 жылы біз 200 млн. теңгеге жуық табыс ала алмадық.

Бағаны көтеру көптеген тұтынушылардың қалтасын қағары айдан анық. «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директорының баяндамасынан кейін, бизнес өкілдері де жаңашылдық жайында өз ойларын білдірді. «Уваров» жеке кәсіпкерлігі ай сайын жарық үшін шамамен 1 млн теңге ақша төлейді екен.

Сусанна Чилингарева – «Уваров» ЖК директоры

– Коммуналдық төлемдерді өтеген кезде пайданы көру қиын. Жұмысшылардың еңбекақысы бар, салықты төлеу қажет. Егерде тарифтер өссе, бизнесіміз шығынға ұшырайды. Нысанға жөндеу жасайын десең, әйтеуір бір коммуналдық қызметтің бағасы өсе қалады.

Жарық құнының өсуіне теріскейліктерде үзілді-кесілді қарсы. Жаңа баға қалтамызды қағады дейді солтүстікқазақстандықтар.

– Әрине қиындық туғызады. Коммуналдық қызметтерді төлеу оңай емес.

– Жарық қымбаттаса ертең өзге де қызметтер қымттайды. Ал зейнетақы өспейді

Электр энергиясының құны қаншаға өсетіні маусымның аяғында белгілі болады. Оған дейін антимонополия өкілдері бұл ұсынысты қарастырмақ. Жалпы жаңашылдық енгізілсе онда жарық құны заңды тұлғалар үшін 1 кВт-қа 13 теңге 564 тиын, ал жеке тұлғалар үшін 11 теңге 536 тиын болмақ.

 

Риат Шони.