МТРА жаңалықтары

Жыл басынан Петропавлда 69 велосипед ұрлығының фактісі тіркелген

Күдікті.

– Бүгін сағат он екілерде Алтынсарин көшесімен кетіп бара жатып бір үйде бірінші мен екінші қабаттың арасындағы терезеде велосипед тұрғанын көрдім. Мен кішкентай қыздың подъезге кіргенін тосып, кейін әлгі велосипедті алып кеттім.

Тәртіп сақшыларына қоңырау шалған азаматша өз велосипедін бірден таныды.

Жәбірленуші.

– Өте жылдам әрекет етті. Мен қобалжып та үлгерген жоқпын. Тәртіп сақшыларына алғыс айтамын.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның бұрындары осы сынды заңбұзушылықтар жасағандығы тексерілуде.

Сәния Симбаева – Петропавл қаласы ІІБ жедел уәкілі.

-Жыл басынан Петропавл қаласының аумағында велосипед ұрлығының 69 фактісі тіркелген. Оның 25-і әлі ашылмаған. Осындай жағдайлар орын алмауы үшін қала тұрғындарына кешкілік уақытта шайтан арбаларды подъездер мен үй аулаларында қараусыз тастамауларын сұраймын.

Расында да велосипедіңіз қолды болып кетпес үшін оны үйге немесе гаражға қою қажет. Ең болмағанда шайтан арбаға арқан байлап, құлып салу керек.

 

 

Риат Шони.