МТРА жаңалықтары

Қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы тексерілуде

Галина Мандрыгина, зейнеткер.

– “Күнде 20-шы, 26-шы бағыттағы автобуспен қатынаймын. Таңертең болсын, кешке болсын жүргізушілер кестеден қалмайды. Олардың қызмет көрсету сапасына көңілім толады”.

Әдеттегі көрініс Набережный Победа көшелерінің қиылысында жолаушылар көлігі бірінен соң бірі келіп тоқтап жатыр. Таңертең жұмысына, саяжайына жету үшін тұрғындар автобустардың қызметіне көп жүгінеді. Тиісінше, оны тазалықта ұстап, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындардың міндеті.

Галина Семенова, “СҚО Автокөлiк одағы” қауымдастығының төрайымы.

– “Жолаушылар тасымалымен айналысатын әр кәсіпорын 2 жыл көлемінде көліктерін жаңартып отыруы тиіс. Күнде қоғамдық көліктер қалаға таза шығады. Салонда ақпарат 2 тілде жазылған. Жүргізушілер 100 пайыз бірыңғай формамен қамтылды. Автобустарға 100 пайыз автоинформаторлар орнатылды. 30 пайызына бейнебақылау камерасы орнатылды”.

Галина Семенова автобустардың кестеден қалмай дұрыс жүруі үшін қала жолдары сапалы болу керек деген пікірмен келіседі.

Галина Семенова, “СҚО Автокөлiк одағы” қауымдастығының төрайымы.

– “Маусымның 1-інен 16-шы бағыттағы автобус Мичурина елді-мекеніне уақытша қатынамайтын болды. Себебі Қызылжар ауданына қарасты жол нашар. Қазір біз бұл мәселені қалалық әкімдікке жеткіздік. Сондай-ақ, нөсерлі жауын болса, Солнечный кентіне нөмірі 27 бағыттағы автобус та жүрмей қалады. Мұнда да кейбір жол учаскелері шұрық тесік”.

Алдын алу шарасына Автокөлiк одағы қауымдастығынан басқа тұрғын үй коммуналдық шарушылығы бөлімінің мамандары мен жол сақшылары қатысуда. Олар мұндай рейд жүргізушілердің жауапкершілігін арттырып, тұрғындардың сын ескертпелерін тез арада жоюға мүмкіндік береді дейді.

Евгений Жуков, “Партнер Авто” ЖШС жүргізушісі.

-“Жылдамдықты асырмаймын, салонды таза ұстауға тырысамын. Жолаушылардың амандығы үшін жол қауіпсіздік ережесін сақтаймын”.

Жылпы бүгінде жолаушыларға 346 автобус қызмет көрсетуде. 26-сы қала ішінде, қалған 13-і көлік саяжайларға қатынайды екен. Оның 10 биыл жаңартылыпты.

 

Берик Касен.