МТРА жаңалықтары

“Асыл ана” ҚБ балаларға мереке ұйымдастырды

Қарлығаш Шәймергенова. «СҚО асырауында балалары бар мүгедек аналардың «Асыл ана» қоғамдық ұйымының» мүшесі.

-Менің екі балам бүгін өнер көрсетіп, көңілімді көтерді. Ал ұйымға кіргенімен 1 жыл. Қоғамдық істерге араласып, белсенділік танытып отырамын. 3 топ мүгедегімін. Мені елеп-ескеріп көмек қолдарын созып отырады. “Асыл ана” ұйымындағы барлық аналар атынан жетекшімізге алғыс айтамыз.

Сондай-ақ, аналары аталған қоғамдық бірлестікте мүшелік ететін балғындарға тәтті-дәмдіге толы үлкен дастархан жайылып, балмұздақ үлестірілді. Өнерлі балалар сахна төрінде ән салып, би билеп аналарының көңілін бір көтеріп тастады.

Теңдік Сәрсекеева, «СҚО асырауында балалары бар мүгедек аналардың «Асыл ана» қоғамдық ұйымы» ҚБ төрайымы.

-Ұйым құрылғалы бері түрлі шаралар өткіземіз. Бала тәрбиелеп отырған мүгедек аналардың жағдайын жасап, баласына білім беріп, қатарынан қалдырмауына септесеміз. Балалр мектепке барады, достарымен араласады. Ал аналар күніге үйде отырады, ешқайда шыға қоймайды. Сондықтан бүгін балар мен бірге аналарға да мейрам ұйымдастырып отырмыз.

Құрылғанына 18 жыл болған ұйым құрамында бүгінгі күні 72 ана бар.

 

Акбопе Танирберген.