Балалар

“Ақ қайың” және “Достық” лагерлері демалыс маусымын ашты

Жібек Тілеубаева – Лананың әжесі.

-Балаларға лагерьде демалған ұнайды. Өткен жылы екі немерем барды. Оларға өте қатты ұнады. Биыл оларға жолдама ала алмадық. Енді кіші немерем барайын деп жаты. Ата-аналары жұмыста, үйде жалғыз болмасын деп лагерьге жіберіп тұрамыз. Көп балалармен ойнайды. Түолі конкурстар болып тұрады.

Лана Жүсіпбекова биыл 3-ші сыныпты үздік аяқтаған. Сауықтыру орнында демалуға мүмкіндік беретін жолдаманы ата-анасы сыйлық ретінде жасапты. Бүлдіршін демалыс күндерін жақсы өткізетініне сенімді. Әрі жаңа жерде өзіне көп дос табатынына қуанышты.

Лана Жүсіпбекова – демалушы.

– Мен Березка лагеріне бірінші рет барайын деп жатырмын. Өткен жылы аға мен апам барды. мен оларға қызықтым. Маған өте қатты ұнайды деп ойлаймын. Онда көп достар болады.

Мына жерде жиналған 6 мен 11 жас аралығындағы 400-ге тарта демалушы екі лагерьге жол тартпақ. Жетекшілер балаларды тізімге енгізгеннен кейін, 5 автобусқа мінген бір топ бала “Ақ қайыңға” қарай жол тартты. Ал сауықтыру орнында оқушыларды тәлімгерлері түрлі түсті шарлармен, өлеңмен қарсы алды.

Балғындар жас ерекшеліктеріне қарай 7 жасаққа бөлінген. Әр топтың өзінің жетекшісі бар. “Шаттық” аталатын мына жасақта тәрбиеші ретінде жүрген Татьяна Салимжановаға балалармен жұмыс істеген ұнайды.

Татьяна Салимжанова – “Ақ қайың” сауықтыру лагерінің “тәрбиешісі.

– Балалардың денсаулығына таза ауада демалған пайдалы. Мұнда мен 15 жыл қатарынан келіп жүрмін. Байқағаным – балалар мұнда келгенде басында ұялып жүреді. Бір-біріне үйренсіп кеткеннен кейін, тіл табысады. Мұнда олар ұқыптылыққа, кішіпейілділікке, тазалыққа, көпшіл болуға үйренеді. Жыл сайын лагерь жаңартылып отырады. Биыл асфальтталған жол төселіп, көптеген алаңдар салыныпты.

Мұнда балалардың демалыс күндерін ұмытылмастай өткізуі үшін барлық жағдай жасалған. Күрке үйлер, ойын алаңдары, жаңа аттракциондар, тіпті бассейн де бар. Бұл демалыс орны балаларды 12 күннен 5 кезеңде қабылдайды. Келесі демалушыларды лагерь маусымның 26-сында қарсы алмақ.

 

 

Айгерим Ержанова.