МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерлердің толық кірісі жаңа үлгідегі бақылау-кассалық машина арқылы қадағаланатын болады

Жаслан Байқанов, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы.

– “Жаңа бақылау-кассалық машинаны сервистік техникалық қызмет көрсететін орталықтардан сатып алуға болады. Оның бұрынғысынан артықшылығы сол, аппаратта тіркеу функциясы бар. Және оған модем жалғанады. Сол арқылы салық төлеуші ғаламтор жүйесіне қосылып, басылған түбіртектерін ортақ базаға енгізе алады. Осылайша, фискалды орган оның заң тұрғысында әділ саудамен айналысып жатқандығын үнемі бақылауда ұстайтын болады”.

Фискалды орган өкілдерінің айтуынша, салық төлеушілер кірістерін жасырып қалу үшін көбінесе бақылау-кассалық машинаны қолдана бермейді. Осыдан барып ел қазынасына тиісті қаражат түспейтін көрінеді. Сондықтан олар осындай қадамға барып отыр. Айта кетейік, жаңа үлгідегі бақылау-кассалық машинаны орнатпағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Жаслан Байқанов, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы.

– “Бірінші ретте, біз жаңа үлігдегі бақылау-кассалық машины орнатпаған салық төлеушіге жай ғана ескерту береміз. Егер ол бір жыл көлемінде заңға бағынбаса, кәсіп түріне байланысты 15 тен 50 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейтін болады”.

Салық заңнамасына сәйкес бензин, дизельдік отын, алкологльдік ішімдіктерді көтерме және бөлшектеп сататын шағын, орта және ірі кәсіп иелері жаңа үлігдегі бақылау-кассалық машины шілденің 1-іне дейін орнатуы тиіс.

 

 

Берик Касен.