МТРА жаңалықтары

2015 жылдың басынан бері облыста 8 адам суға батып кетті

Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін ТЖД мамандары суды жалға алушылар мен жеке тұлғаларға қойылатын талаптардың қатаңдаған ескертеді. Биылдан бастап шомылу ережесін бұзған азаматтарға айыппұл салынбақ. Ол тәртіпке көнбеген жеке тұлғаларға 7 айлық есептік көрсеткіш болса, жағажай иелеріне 10 нан 60 айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленген.

Аскат Ержанов – СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы.

– Адамдардың суда шомылу барысында қаза табуы әлеуметтік маңызы бар мәселе болып табылады. Жыл басынан 8 адам судың құрбаны болды. Бұл ескерту белгілеріне назар аудармағандықтан орын алып отыр. Көбінесе суда ішімдік ішкен адамдар қаза табады.

Облыс бойынша 38 демалыс аймағы және жағажайлар қызмет етеді. Олардың көбісі шомылу талаптарына сай келмейді. Кездесу барысында өзен-көлдерді жалдаушыларға бірнеше талаптар қойылатыны айтылды. Жағажайларды халық игілігіне ұсынбас бұрын, алдымен шомылатын жерді белгілеп, өзен-көлдердің астын сүңгуірлерге тексерту қажет.

Владимир Иваненко – Пестрое көлін жалға алушы.

– Пестрое көлінде стацонарлық бекетіміз орналасқан. Ол жерде шомылушылар мен балықшылардың қауіпсіздігін қараймыз. Күн сайын көл бойына тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Бірнеше құтқару техникамыз бар.

2015 жылғы шомылу маусымына СҚО төтенше жағдай департаментінен 27 құтқарушы, 17 водолаз, 5 бірлік техника, 12 жүзу құралдары бөлінген.

 

 

Стажер.