Құқық қорғау органдары

Учаскелік полиция инспекторлары халық алдында есеп берді

Жасұлан Әбдірахманов – Ленин ауылдық округінде учаскелік полиция инспекторы.

-Алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін 60 адам жауапқа тартылды. Ұсақ бұзақылық оның ішінде құқықтық тәртіп бойынша бес материал сотқа жіберілді. Отбасына күн көрсетпейтін 12 бұзақы жауапсыз қалмады. Қоғамдық орындарда темекі шеккендерге қатысты да 10 хаттама толтырылды.

Халық алдында сондай ақ, Келлеровка ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторлары да есеп берді. Бұл елді – мекеннің сақшыларын маскүнемдік фактілері алаңдатып келеді. Тайынша ауданында ағымдағы жылы маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге 11 адам жіберілген, ал Ақжар ауданынан болса екеу. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарында 4 мыңнан астам маскүнем тіркеуде тұр. Ащы судың буымен жыл басынан облыста 478 қылмыс жасалған. Жалпы маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге 91 адам жіберілген. Есеп беру отырысында болған СҚО ІІД бастығы Берік Біләлов аудан инспекторларына бірқатар тапсырма жүктеді.

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы.

 

-Аудандарыңызда маскүнемдіктің саны азаймай тұр. Осының салдарынан қаншама заңбұзушылықтар орын алуда. Бұл мәселелерді тез арада бір жақты қылыңыздар. Елді мекендеріңізде қылмыспен маскүнемдікті азайту шараларын жасаңыздар.

Жиын соныңда учаскелік полиция инспекторларының жұмысына елдімекендіктер оң бағасы берді.