Спорт

Петропавлда жас ала доп шеберлерінің чемпионаты өтуде

Руслан Сәрсенбаев, “Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерімен жұмыс жөніндегі” облыстық дене шынықтыру және спорт орталығы директорының міндетін атқарушы.

-Бұл чемпионат арқылы біз әр спорт мектебінен келген балардың ішіндегі жақсы өнер көрсеткендерін таңдап аламыз. Олар облыс құрамасына кіреді. Бұл іріктеу туры деп айтсам қателеспеймін.

Төрешінің ысқырығы беріліп, аяқ доп ойыншылары алғашқы кездесуді бастап та кетті. Алаңға бірінші болып, сары жейделі Айыртаулықтар мен көк форма киген Уәлиханов ауданының құрамасы шықты. Екі команда да тартысты ойын көрсетіп, есепті ашу үшін сауатты шабуылдар жасауда. Бұл ретте, Уәлиханов ауданының 7 нөмірлі шабуылшысы Ерлан Жармұханов – былтыр құр қол қайтқанымызбен, биыл қайтсек те үздік үштіктен көрінеміз деп отыр.

Ерлан Жармұханов, Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің тәрбиеленушісі, Уәлиханов ауданы.

– Биыл командада өзгерістер бар. Жаңадан футболшылар қосылды. Бірінші рет ойнап отырған балалар бар. Былтыр үздік іштікке ілінбегенбіз. Биылғы жылы чемпион болғымыз келеді.

Әр команданың түпкілікті дайындықпен келгені байқалады. Бірақ жеңімпаз біреу болмақ. Үздік шыққан құрамаға ойынның соңғы күні кубок тарту етілмек.

 

 

 

Акбопе Танирберген.