МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Өңірлерді дамыту-2020” бағдарламасы іске асуда

Ал үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап тұрғындардың бұл мәселесі “өңірлерді дамыту-2020” бағдарламасының аясында шешімін тапты,- дейді Мир көшесі 290 жеке пәтер иелері кооперативінің басқарушысы Татьяна Хрипунова.

Татьяна Хрипунова – “Мира, 290” ЖПИК басқарушысы.

-2011 жылы Мир көшесі 290-үйдің тұрғындары шатырды жөндеуден өткізу үшін мемлекеттің көмегіне жүгініп, қол жинаған. Бірақ еш нәтиже шықпады. Соған қарамастан, біз қыс бойы алға қойған мақсатымыздан таймадық. Үйдің төбесі тесіліп, пәтерлерге су аққан. Бұл жағдай 7 жылға созылды. Ақыры осы жылдың мамырынан жөндеу жұмыстары басталды. Бұйыртса, желтоқсан айында бұл үйде жаңа шатыр тұрады.

Мамырдың 28-і күні басталған жөндеу жұмыстары 5 ай ішінде аяқталады деп жоспарланған. Бірақ ауа райының қолайсыздығы мамандарға біраз кедергі жасауда.

Нариман Қанапин – “Мирас GROUP” ЖШС тас қалаушысы.

– Мир 290 көшесіндегі тұрғын үйдің шатырын ауыстырудамыз. Қазіргі уақытта кірпіш пен фасадын қалау уақытындамыз. Бұдан кейін плиталарын ауыстырамыз. Аз уақыт ішінде беруге тырысамыз. Ауа райы міне бөгет жасап тұр. Кірпішті жаңбыр уақытында қалай алмайсың. Жел уақытында жылжып кетеді.

“Өңірлерді дамыту-2020” бағдарламасы бойынша 2011 жылдан бері 120 үй жөндеуден өткізілген. Ал кезекте тұрған әлі 7 тұрғын үй бар екен. Ал Мир көшесінде орналасқан бұл үйдің шатырына мемлекет тарапынан 39 млн 200 мың теңге бөлініпті.

 

 

 

Айгерим Ержанова.