Спорт

Петропавлда қол күресінен ҚР-ның чемпионаты өтті

Бірақ, әр сайысқа мықтап әзірлену керек дейді ол. Бүгін Мағжан 70 келі салмақ дәрежесіндегі қарсыластарымен білектерінің мықтылығын анықтамақ.

Мағжан Шамиев – қол күресінен ҚР спорт шебері, Оңтүстік Қазақстан облысы.

-Біз әр чемпионатқа тыңғылықты дайындаламыз. Бұл республикалық жарысқа да қызу түрде дайындық жүргіздік. Жалпы қол күресі, басқа спорт түрлеріне қарағанда маған өте ұнайды.

Міне, нағыз ерлердің бәсекесі басталды. 150-ге жуық спортшы осы сайыста өзінің күшін көрсетуі тиіс. Қол күресшілер 55 пен 110 келі салмақ дәрежесінде өз таоптарында бақ сынайтын болады.

Олег Чегодаев – СҚО қол күресінен бас бапкері.

-Қол күресі басқа спорт түрлерінен өзгеше. Бұл спортта қолмен ғана жұмыс жасайтындықтан, зор күшті бір жерге топтастыру қажет. Армрестлингге жеңіл және ауыр атлетикамен айналысатын жандар да келіп жатады. Өйткені бұл спорт түріне жылдамдық, шыдамдлық пен ептілік қажет. Жалпы, қазіргі таңда қол күресшілердің қатары жыл сайын артуда.  

Өңірімізде қол күресінен өткен ҚР-ның чемпионатында спортшылар кубоктармен және грамоталармен марапатталды. Ал, ең бастысы үздік үштікке енген армретлерлер қыркүйек айында Малазияда өтетін әлемдік дәрежедегі додада бағын сынайды.

 

 

Сагыныш Маркашева.