МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Милавица” брендті дүкен ашылды

Дүкенге Беларусия елінен “Милавица” брендінің жоғары сапалы тауары жеткізіледі. Дизайны мен түстері де ерекше, әр тұтынушының талғамына сай келетінін оңай табуға болады, -дейді “Милавица” дүкенінің сатушы-кеңесшісі.

Екатерина Зябликова – “Милавица” дүкенінің сатушы-кеңесшісі.

– Біздің дүкеннен әртүрлі жастағы қыз-келіншектер өздеріне керекті заттарын таба алады. Бұл сауда орнында сонымен қатар, балалар мен ерлердің киімдері де бар. Сапалы тауардың мұнда түр-түрі бар. Іш киімдер, жеңіл жейделер мен шолақ шалбарлар, пижама менүйде киетін халаттар. Бағасы да қолжетімді. Қазір жаз маусымы болғандықтан, мұнда шомылуға арналған заттар көп. Фирмалары да әртүрлі. Өнім негізінен Польша, Италия, Франциядан әкелінеді.

Аталмыш дүкеннің сатушылары таң атқанннан тыным табар емес. Жаңадан ашылған сауда орнында қыз-келіншектер тиімді бағаға сапалы тауар алуға асығуда. “Милавица” брендті киім алу үшін Танзиля Ибраева да осында келген. Оған мындағы дүкеншілердің сыпайлығы мен тауарлардың денеге нәзіктік сыйлайтын маталары ұнапты.

Танзиля Ибраева – сатып алушы.

– Жаңа дүкенмен таныстым. Дизайны көңілімнен шықты. Сатушылары да сыпайы. Тауарлары жоғары сапалы. Сонымен қатар, қазір мұнда клиенттер үшін жеңілдіктер жасалған. Маған өте ұнады.

Александр Минкиннің бизнесте жүргеніне 10 жыл болыпты. Оның бүгінде қаламызға танымал “чародейка” әйелдердің іш киімдерінің 4 дүкені бар. Ал мына сауда орны осымен бесіншісі. Мұнда 4 сатушы жұмыс істейді. Барлығы да аталмыш салада біраз жүр. Олардың жақсы жұмыс істеуі үшін дүкен иесі барлық жағдайды жасаған. Әсіресе, тұтынушының талғамын қанағаттандыру қамында тауардың уақытылы келуі де қарастырылған.

Александр Минкин – Әйелдер іш киімі дүкендер желісінің иесі.

– Біздің қаламызда “Милавица” брендті киімдер дүкені бірінші рет ашылып отыр. Бұл – фирмалық сауда орны болғандықтан, тауарды тікелей Беларусия елінен алдырамыз. Бағасы да сәйкестендірілген. Біз франдчайзинг келісімімен жұмыс істейміз. Бұл фирманың бірқалыпты жақсы жұмыс жасауы үшін тиімді. Әрі кедендік одақта біз үшін барлық жағдай жасалған. Бұрынғыдай көп уақытымызды шекарада өткізбейміз.

Жаңадан ашылған бұл дүкеннің клиенттеріне келесі аптаның дүйсенбісіне дейін 20%-дық жеңілдік қарастырылған. Сонымен қатар, тұрақты сатып алушылар үшін 5-10 пайыздық дисконттық карталар да берілмек.

 

 

Айгерим Ержанова.