МТРА жаңалықтары

Елімізде «Еуро- 4» экологиялық стандарты жұмыс істеп жатыр

Сергей Уланов.

-Ондай стандартқа сай келетін автокөліктер ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Онда балалар орындығын бектетін арнайы құрылғылар бар. 6 қауіпсіздік жастығы тағы орнатылған. Яғни, талапқа қажетті барлық техникалық мүмкіндіктер бар. Осыған дейін барлығы ескі машиналарды әкеле беретін. Олар жиі сынып, апаттық жағдайды қалыптастыратын. Ал енді олай болмайды.

Сонымен, мамырдан бастап елімізге 2005 жылдан ескі көліктерге есік жабылды. Еуро-4 стандартына сәйкес келмейтіндер енді шекарадан аттап баса алмайды. Мамандар бұл ең алдымен экологиялық тазалық пен отандық автоөндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді дейді. Енді оған қандай темір тұлпарлар сай келеді деген мәселені айтып өтсек.

Сергей Гизбрехт- СҚО ДВД рәсімдеу- емтихан бөлімі бастығының орынбасары.

-Талапқа сай келетін автокөліктерде міндетті түрде АВС, фронталдық қауіпсіздік жастықтарымен және «Изофикс» деп аталатын балалар орындықтарын бекітуге арналған құрылғылар болуы тиіс. Яғни, еуропадан әкелінген машиналар 2005 жылдан кем болмауы кеерк. Америкадан – 2007, Япония мен Ресейден 2010 жылғы көліктерді енгізе алады.

Ресей рубілі құлдырағанда қазақстандықтар ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланып, жапппай көрші елден көлік айдады. Сол кездері мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының маңы шетелдік көліктерге лық толып, күніне қызметкерлер 300-ге жуық машинаны рәсімдеген екен. Ал жалпы алғанда жыл басынан өңірімізге 18 170 темір тұлпар енгізіліпті.

 

Магжан Ахмадина.